23 Желт 2024
Жаңалықтар

Б.Хамзин атындағы өнер мектебі оқушыларының жылдық есеп беру концерті өтті

Кеше, яғни 29 мамыр күні Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Б.Хамзин атындағы өнер мектебі оқушыларының жылдық есеп беру концерті өтті. Фойеде бейнелеу өнері бөлімінің оқушылары дайындаған жұмыстарынан көрме қойылып келген қонақтарға таныстырылды. Концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы сөз сөйлеп жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тілеп, мектеп түлегі Қайырбекова Маржанның ата-анасы ретінде жаңа оқу жылында би бөліміне музыкалық орталық табыстайтынын атап өтті. Сонымен қатар мектеп директоры Жанар Асанханқызы сөз сөйлеп, түлектерге мектеп бітіру куәлгін табыстады.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар