23 Желт 2024
Жаңалықтар

Еңбек адамы

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады.

Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Шара Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Дәл осы өнердің түрін киелі Торғай жерінде дамуына өлшеусіз үлес қосқан алғашқы хореограф Алимбаева Жанат Әбдісалыққызы Қаншама Торғайдың өнерлі жастарының би өнеріне деген махаббатын ашып, болашағын осы өнермен ұштасуына себепкер болды. 2008 жылы Жанат Абдысалыққызының ықпалымен «Еркеназ» би ансамблі құрылып, өнерге деген құштарлығы бар талай жанның бағын жағып, жеңіс тұғырынан көрінуіне ықпал етіп келеді. Қосымша білім беру ұйымдар арасын рейтинг дәрежесін көрсететін хореография ұжымдары арасында облыстық «Армандастар» байқауында бес дүркін бас жүлдені өз қанжығаларына байлады. Республикалық, халықаралық байқауларға да қатысып жүлдегер атанып келеді. Аудандық мәдени іс-шараларда белсенді атсалысып, аудан атын облыс, республика көлемінде танытып келеді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей бүгінгі таңда арнайы және жоғары кәсіби білім алып, бірге әріптес болып ұстаздық жолды таңдаған шәкірттерінің қатары көбейіп жас жеткіншектердің би өнеріне деген қызығушылығын арттырып келеді.

«Тынымсыз-ізденіс, түбегейлі - нәтиже» арқасында Жанат Абдысалыққызы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, облыс әкімінің «Ұлағат» премиясымен мараптталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар