23 Желт 2024
Жаңалықтар

Таланттарды іздейміз

18 мамыр сазгер Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Болат Хамзиннің туған күні. Осыған орай жылда дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын аудандық "Таланттарды іздейміз" ән байқауы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 18рет өткізілді. Байқау ережесі сәуір айында барлық аудан мектептерінің электрондық пошталарына таратылып, қосымша хабар беріліп отырды. Биылғы жылдың ерекшелігі әр мектептерде осы байқау мектепшілік өткізілді.Байқаудың шымылдығын мектебіміздің "Дала сазы" оркестрі Н.Тілендиев "Аңсау", Болат Хамзиннің "Қайдасың Шолпаным-Жұлдызым", Құрманғазы "Сары көл-Самар" күйімен ашылды. Байқауға 13 мектептен 28 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша I- орынды Ш.Уәлиханов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Шыңғысқызы Фатима , II- орынды Албарбөгет орта мектебінің оқушысы Самат Мирас жеңіп алса, жүлделі III- орынды Жангелдин орта мектебінің оқушысы Қанатқызы Нұрдана алды. Басқа қатысушыларға арнайы номинациялар мен сертификаттар берілді, сонымен қатар жеңімпаздардың жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар