Іс шараның мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын жаңғырта отырып еске түсіру, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу болатын.
Жыл бастауы – Наурыз бүкіл Қазақстан халқының ортақ мерекесі. Наурыз – әлем халықтары арасындағы жылдың жаңаруын әйгілейтін, адамзат дәстүрлері ішіндегі ежелгі мереке. Бұл барша қауым жақсылық пен мейірімділік күтетін, араздасқандар татуласатын, өкпе-реніш кешірілетін, кішілер үлкендерге сәлем бере баратын, алыстағы ағайындар бірін бірі іздеп барып көрісетін достық пен татулық мерекесі.
Оқушылар халқымыздың ескі әуендерін, би өнерлерін театрландырылған көріністер арқылы жаңғыртып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аталмыш шарада қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, ет асылып, бауырсақ, наурыз көже әзірледі. Барлық оқушылар мен ұстаздар ұлттық киімдер киіп келіп мерекелік көңіл күй сыйлады. мектебіміздің директоры Жанар Асанханқызының ақ ниетті тілегімен басталып, оқушылар мен ұстаздардың мерекелік дастарханнан ауыз тиюімен аяқталды. Мерекелік іс-шара мақсатына жетті.
https://b-khamzin-shi.dzhangeldi-bb.edu.kz/zh-lykt-r/9175-osh-keldi-z-nauryz-atty-merekelik-is-shara-tti.html#sigFreeId22505c4ef3