Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің залында Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Келешектің тұтқасы білімді де, өнерлі ұрпақ» атты 2022 жылы облыстық, республикалық, халықаралық байқау жеңімпаздарының мерекелік концерті өтті. Экраннан мектеп оқушыларының жетістіктері туралы видеоролик көрсетіліп, сахнада күмбірлеген күй, мың бұралған би, әсем әуен шырқалды.
Концерт соңында аудан әкімі Оспанов Шота Сәбитбекұлы жеңімпаз оқушылардың ата -аналарын марапаттап, сонымен қатар "Сиқырлы театр" ұжымының жетекшісі Г. Шененоваға республикалық "Ғажайып театр" байқауының дипломы мен видеопроектор табыстады.
Ата -аналар атынан Хамиева Гүлбараш, мектеп оқушылары атынан хореография бөлімінің оқушысы "Еркеназ" би ансамблінің мүшесі Бекет Мадина сөз сөйлеп мектеп ұжымына алғысын білдірді.
https://b-khamzin-shi.dzhangeldi-bb.edu.kz/zh-lykt-r/9165-keleshekti-t-t-asy-bilimdi-de-nerli-rpa-atty-merekelik-kontserti-tti.html#sigFreeIdb792fbd919