23 Желт 2024
Жаңалықтар

"Желтоқсан жаңғырығы" атты кездесу сағаты өтті

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің домбыра бөлімінің ұстазы М Кемелбаеваның ұйымдастыруымен "Желтоқсан жаңғырығы" атты кездесу сағаты өтті. Кездесу сағатымызға арнайы 1986 жылы желтоқсан оқиғасының куәгері Нұғманов Ақшығанақ Қайырбекұлын шақырылды. Кездесуде Ақшығанақ Қайырбекұлы сөз сөйлеп естеліктерімен бөлісті.

Кездесудің екінші бөлімінде домбыра бөлімінің оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламамен жалғасып, желтоқсан құрбандарына арнайы құран бағышталды. Кездесу соңында кеш қонағына бейнелеу өнері бөлімінің оқушыларының қолдарымен жасаған естелік табысталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар