23 Желт 2024
Жаңалықтар

9 желтоқсан күні Қостанай қаласында облыстық "Триумф" жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында дарынды балаларды қолдау, оқушылардың білім алуға, спортпен шұғылдануға және шығармашылықпен айналысуға деген ынтасын арттыру мақсатында 9 желтоқсан күні Қостанай қаласында облыстық "Триумф" жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Осы марапаттау рәсіміне мектебіміздің "Еркеназ" хореографиялық ұжымының мүшесі Сәбитбек Ақбота және жетекшісі Алимбаева Жанат Абдысалыковна барып қатысып, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызының қолынан "Триумф" естелік мүсіншесін, ноутбук пен құттықтау хатын алды. Ал осы оқушыны дайындаған педагогі Жанат Абдысалыковнаға Қостанай облысы әкімінің алғыс хаты және планшет берілді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар