23 Желт 2024
Жаңалықтар

Торғай өңірінің азаматтарының қолдауымен ұйымдастырылған

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына және де, Ел басымыз Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының балалар жылына арнайы ұйымдастырылған «Біз таланттыларды іздейміз» атты байқаудың бірінші кезеңіне мектебіміздің домбыра, вокал бөлімдерінен 14 оқушы қатыстырылған болатын. Байқаудың екінші кезеңіне осы оқушылардан Мұрат Жансая, Қуанышқызы Нұрсезім, Қарағұл Айназ, Орманбек Жанбота өтті.

Қорытындысында вокал бөлімінің окушысы Мұрат Жансая 2 орынды жеңіп алса, Қуанышқызы Нұрсезім "Әдемі әні үшін" номинациясын иеленді. Домбыра бөлімінің оқушылары Қарағұл Айназ бен Орманбек Жанбота ұйымдастыру алқасының арнайы дипломымен марапатталды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар