23 Желт 2024
Жаңалықтар

Қарты бар үйдің қазынасы бар

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің тәрбие жоспарына сәйкес «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты қарт аналармен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп ұстаздарының аналары қонақ ретінде шақырылды. Атап айтар болсақ Сейлханова Гүлзадаш, Байбосынова Разипа, Сейдахметқызы Қадес, Абдрахманова Назипа, Жүнісова Ақзира, Ембергенова Ғайни , Төлеуханова Баян. Ардақты аналарымыз өз өмірінің қызықты сәттерін тәтті шәй үстінде айта отырып, балаларды үлкендерді сыйлауға, еңбекқорлыққа, кішіпейілдікке насихаттады. Сонымен қатар оқушыларымыз әжелеріне өз өнерлерін көрсетіп, бишілеріміз мың бұралып би билеп, күйшілеріміз күмбірлетіп күй ойнады.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар