Сазгер, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері
Болат Хамзиннің туған күніне орай ұйымдастырылған ХV аудандық
«Таланттарды іздейміз» ән-байқауына қатысып, жақсы өнер көрсеткені
______________________________ орта мектебінің ___сынып
оқушысы__________________________________________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы.
Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының «Жангелдин
ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин
атындағы өнер мектебі» КММ директоры: Ж.А.Шалабай
ТОРҒАЙ ауылы
2021 жыл
ХV аудандық «Таланттарды іздейміз» ән-байқауының қорытындысы.
2020-2021 оқу жылында сазгер, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері Болат Хамзиннің туған күніне орай ұйымдастырылған ХV аудандық «Таланттарды іздейміз» ән-байқауына ауданымыздың 19 негізгі және орта мектептерінен 8 мектептен 9 оқушы қатысты. Атап айтар болсам,
Сарысу негізгі мектебінен- 1
Жармағанбетов орта мектебінен- 1
Шұбалаң мектебінен- 1
Амангельді орта мектебінен- 2
Ы.Алтынсарин орта мектебінен- 1
Ғ.Қайырбеков орта мектебінен -1
А.Қонқабаев орта мектебінен- 1
Қ.Топаев орта мектебінен-1
Байқау қорытындысы бойынша Қ.Жармағанбетов орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмабек Аят жүлделі 1 орынға иегері атанды.
2 орынды Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әбдіғапар Жансұлу алса, жүлделі 3 орын Шұбалаң негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Жұмабек Дианаға бұйырды. Байқау шарты бойынша инстаграмм парақшасында ең көп лайк жинап, «Жұлдызды әнші» номинациясын Ы.Алтынсарин орта мектебінің 7 оқушысы Дүйсенбай Арнұр иеленді. Қалған қатысушыларға байқаудың арнайы мадақтамалары табыс етілді.
Қатыспаған мектептер: Ш.Уалиханов, Н.Г.Иванов, Албарбөгет, С.Мәуленов, Қаратүбек, М.Дулатов, Жангелдин, А.Байтұрсынов, Қ.Қойдосов орта мектептері мен А.Нұрманов негізгі мектебі.