21 Желт 2024
Жаңалықтар

XXI ғасыр педагогы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 күзгі маусым "XXI ғасыр педагогы" республикалық қашықтық конкурсында би өнері бағыты бойынша І орын алғаны үшін мектебіміздің хореография бөлімінің ұстазы Алимбаева Жанат марапатқа ие болды. Сонымен қатар "Мұрагер" балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Республикалық "Жаңа жұлдыз 2020" балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында Жанат апайымыздың шәкірті, жас ұстаз Ақтас Томирис Бас жүлде иеленсе, ұстазы Жанат апайға жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп, өнер жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізгені үшін, Республикалық "Жаңа жұлдыз 2020" жасөспірімдер мен балалар шығармашылық байқауына сіңірген еңбегі үшін ҮЗДІК ҰСТАЗ марапат қағазымен марапатталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар